Айбек Дәдебай бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аталған ұсынысты съезге қатысқан 1000-нан аса делегат бірауыздан қолдап, дауыс берген.
Өз кезегінде Айбек Дәдебай делегаттарға көрсетілген сенім үшін ризашылығын айтып, қабылданған шешімді үлкен жауапкершілік ретінде сезінетінін жеткізді.
Сонымен қатар, жиын барысында жаңа саяси бірлестіктің Саяси кеңесінің құрамы таныстырылды. Белгілісі, кеңеске 30 адам енгізіліліп отыр.
Олардың қатарында Айбек Дәдебай, "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин бар. Сондай-ақ, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, кәсіпкер Андрей Лаврентьев, "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының жетекшісі Қарлығаш Жаманқұлова да төбе көрсетеді. Мұнан өзге қоғам қайраткерлері мен бірқатар танымал сарапшы бар.