Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды

342

Есеп комиссиясы дауыс беру барысын қадағалады.  

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды Фото: zakon.kz

"Әділет" партиясының төрағасы Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін Президент Құрылтай төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынғанын жазғанбыз.

"Конституцияға сәйкес, Құрылтай төрағасы жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Жасыны дауыс беруге арналған тізімге депутат Дәдебай Айбек Арқабайұлы енгізіледі. Құрметті депутаттар, осы ұсынылған кандидатураны жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньге енгізу туралы қаулы қабылдауымыз қажет. Дауыс берулеріңізді сұраймын", – деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Бұл қаулыны 138 депутат жақтады, қарсылары мен қалыс қалғандар жоқ екені айтылды.

Кейін Құрылтай Спикерін сайлау тікелей жасырын дауыс беру арқылы өтті. Депутаттар арасынан есеп комиссиясы құрылды. Комиссия дауыс беру барысын және дауыстарды санау үдерісін қадағалады. Санақ комиссиясының төрағасы Жанарбек Әшімжанов жасырын дауыс берудің нәтижесін жариялады. 

"Комиссия дауыстарды санады. Құрылтай депутаттарына 145 бюллетень таратылды. Дауыс беруге арналған жәшікті ашқанда онда 145 бюллетень болды. Жарамсыз бюллетень – 1. Жақтағандар – 144. Қарсы – жоқ. Жасырын дауыс беру қорытындысында Құрылтай депутаты Дәдебай Айбек Арқабайұлы тиісті дауысты жинады", – деді Жанарбек Әшімжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу