Айбек Оралбай Азия чемпионатында өзбек боксшысынан басым түсті

398

Таиландтың Чиангмай қаласында ерлер және әйелдер арасында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай финалға жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айбек Оралбай Азия чемпионатында өзбек боксшысынан басым түсті Фото: olympic.kz

Жасөспірімдер Олимпиада ойындарының (2018) және ересектер арасында 2022 жылғы Азия чемпионы Айбек Оралбай бұл жолы аса ауыр салмақта бақ сынады.

Қарсыласы, өзбекстандық Жахонгир Зокиров та жастар арасында әлем және Азия чемпионы атанып үлгерген еді. 

Алғашқы екі раундта қазақстандық боксшы бойының қысқалығына қарамастан, ауыр соққыларын дарыта білді – 5:0. Үшінші кезеңде төрешілер жеңісті өзбек спортшысына бергеніне қарамастан, жалпы есеп өзгерген жоқ – 5:0.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу