Айбек Оралбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

123

Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Айбек Оралбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Айбек Оралбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты Фото: olympic.kz

Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақтың ширек финалында өзбекстандық Арман Махановпен кездесті.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Айбек Оралбай 4:1 есебімен басым түсті. Осылайша ол кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.

Айта кетейік, бұған дейін Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін), Валентина Хальзова (75 келіге дейін) жартылай финалға өткен болатын. Сондай-ақ Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) қарсыласы жарыстан бас тартқанына байланысты тікелей жартылай финалға шықты.

Ал Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) және Лаура Есенкелді (65 келіге дейін) жарыс жолын аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу