Ал Айбек Оралбай бұған дейін 90 келіден жоғары салмақтың жартылай финалында Үндістан өкілі Нарендерді жеңген болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық боксшы (+90 кг) финалда өзбекстандық Жахонгир Зокировті жеңді. Қорытынды есеп – 5:0.
Бұған дейін қазақстандық боксшы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындары өзі үшін әлі бітпегенін, ақтық айқаста барын салатынын айтқан еді.
Осылайша, Ұлттық құрама капитаны Айбек Оралбай XX жазғы Азия ойындарында алтын иеленіп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу