Айдос Ербосынұлы чемпиондықты қорғап қалды

2482

Нұр-Сұлтанда өткен бокс кешінде басқа да қазақстандық боксшылар жекпе-жек өткізді.

Айдос Ербосынұлы чемпиондықты қорғап қалды

Нұр-Сұлтанда өткен бокс кешінің басты оқиғасында қазақстандық Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) ганалық Исса Самирді (19-1, 16 КО) жеңіп, WBC, WBO және WBA әлем чемпионы титулдарын қорғады. Екінші орта салмақтағы жекпе-жек (76,2 келіге дейін) 12 раундқа есептелгенімен, бірақ үшінші 3 минутта аяқталды.

29 жастағы Ербосынұлы негізінен кездесуді белсенді бастады. 31 жастағы ганалық алғашқы екі раундта табандылықпен шыдас бергенімен, үшінші раундта ол соққыларды көп жіберіп алды. Нәтижесінде нокдаунға түсіп, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Сонымен, Айдос Исса Самирді техникалық нокаутпен жеңді.

Исса үшін бұл спорттық мансабындағы алғашқы жеңіліс болса, ал Ербосынұлы өзінің жеңіліссіз жекпе-жектер сериясын одан әрі нығайтты.

Естеріңізге сала кетсек, Данил Семенов шаршы алаңда ганалық Абдрахман Табулды жеңсе, Евгений Павлов филиппиндік Алие Лаурельден басым түсті. Бекзат Нұрдәулетов нигериялық Кабиру Товолавиді, ал Бек Нұрмағанбет ганалық Эммануэль Дансоны жеңді.

Сонымен қатар, осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Мадияр Ашкеев пен оның қарсыласы америкалық Чарльз Конвелл 18-желтоқсанда өтетін жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімін өткізді. Бұл Фредди Роучтың Wild Card спорт залында өтетін Ring City бокс кешінің басты оқиғасы болады. Кездесу он раундқа есептелген және бірінші орта салмақта (69,8 келіге дейін) өтеді.

Ашкеев өзінің соңғы жекпе-жегін 2019-жылдың 9-қарашасында Америкада Гавайан Гарднсте өткізді. Онда ол жоспарланған сегіз раундтың бесіншісінде аргентиналық Родольфо Эзиквель Мартинесті жеңді. Ал Конвелл соңғы кездесуін таяуда ғана, 7 қазанда Анкасвиллде өткізіп, жерлесі Венди Тусанды нокаутқа жіберген болатын. Сенбі күні таңертең Голливудта тағы бір қазақстандық өзінің атағын қорғайды. Ол бір жылдан бері рингке шықпаған Геннадий Головкин. GGG поляк Камил Шереметамен кездеседі.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу