Айдын Рахымбаев Дариға Назарбаеваға қандай қатысы бар екенін айтты

13380

Еліміздегі ең ірі құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рақымбаев Тимур Балымбетовтың YouTube каналында Назарбаевтар отбасымен байланысы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Айдын Рахымбаев Дариға Назарбаеваға қандай қатысы бар екенін айтты

– Сізді жұрт "Тұңғыш президенттің отбасына жақын болғандықтан құрылыс олигархына айналды" деп жиі айтады. Яғни тұңғыш президент негізін қалаған қаланы оның рұқсатынсыз немесе Дариғамен жақын қарым-қатынассыз салу мүмкін емес деген ой бар...

             – Иә, өзім туралы жалдамалы менеджер деген пікірді менде естідім.

             – Тұңғыш президенттің отбасымен қандай да бір байланысыңыз бар ма? Сізге артықшылық, қамқорлық болды ма?

             – Отбасымен ешқандай байланысым жоқ. Біздің компанияның құрылғанына 27 жыл болды. Астана Алматыдан Ақмолаға көшіп келгенге дейін біз қалыптасқан компания едік. Біз сауда-саттықтан бастап, астық, ұн, жанар-жағармай ісімен айналыстық. Ал астана көшкен кезде біз жақсы үйлестірілген команда болдық. Нақты есімде жоқ, қателеспесем экс-президентті 2005 жылы бірінші рет көрдім. Астананың бас жоспарына қатысты отырысқа біз үздік он компанияның қатарына кіргеннен кейін қатыстық. Біз бұл жиынға өз күшімізбен жетістікке жеткен компания ретінде шақырылдық.

Біз халықтың сеніміне лайық болу үшін жұмыс істедік. Өйткені біз әрқашан келісім-шарттарымызды соңына дейін орындаймыз. Қазірдің өзінде әртүрлі себептерге байланысты 300 нысанның келісім-шарты тоқтатылды деп естіп жатырмыз. Біздің жобаларымыздың ешқайсысы бұл тізімде жоқ. Біз өз міндеттерімізді орындауды жалғастыра береміз. 1998 жылы да, 2008 жылы да, қазір де солай болды. Бәлкім осыдан кейін жұрт "Жоғарыда компанияны қолдайтын адам бар" деп айтатын шығар.

Біздің тұрақты болуымыз клиенттерімізге тікелей байланысты. Біздің пәтерлерді 82 мың отбасы сатып алды. Егер біз сапалы құрылыс жүргізбесек бірде-бір шенеунік, бірде-бір бұйрық халықтың бізден пәтер сатып алуына түрткі болмас еді. Ал осы уақытқа дейін мемлекеттік тапсырыс бойынша бір шаршы метр тұрғын үй салған жоқпыз. Біз мемлекеттік тапсырысты принципті түрде алмаймыз.

             – Бірақ мүмкіндік болды ма?

             – Әрине, қанша рет "Міне, жер дайын. Тек қана құрылыс жүргізе бер" деп талай рет айтты. Біз жоқ, жоқ, жоқ дейміз. Өйткені біз біріншіден, клиенттеріміздің сапалы баспана алғанын қалаймыз, екіншіден, өзіміз салған баспананың бірнеше жыл сапалы болып тұруына жауапты болғандықтан цементтен үнемдегіміз келмейді. Сондықтан 82 мың отбасы, яғни 300 мыңнан астам адам біздің пәтерімізді сатып алуға мәжбүр болған жоқ. Құрылыс сапасына келген кезде маған сенуге болады.

             –  Бұл әрине тамаша. Бірақ мен сізге тікелей сұрақ қойғым келіп отыр. Сіздің Дариға Назарбаевамен ортақ байланысыңыз бар ма?

             –  Бізді ештеңе байланыстырмайды. 

             –  Бір-біріңізді танисыздар ма?

             –  Иә, біз бір-бірімізді танимыз. Біз Қазақстандағы ең ірі құрылыс компаниясы болғандықтан бір-бірімізді білеміз. Ол үкіметте қызмет еткенде құрылысқа қатысты блокты басқарды және "Аналар үйі" жобасына қатысты заң шығаруға атсалысты. Иә, біз бір-бірімізді танимыз, бірақ жұмыс барысында өз позициямызды қорғадық. Бірақ бұл басқа фейк. Бізде бұрын-соңды бірде бір, салыстырмалы түрде айтатын болсақ, бірлескен жоба болған емес.

Шамамен 6-7 жыл бұрын, бірнеше кісінің қатысуымен өткен жиында ол маған "Айдын сен білесің бе? Жұрт арасында менің BI Group-та үлесім бар деген әңгіме айтылады", – деді күліп. Мен: "Иә, бұл әңгімені менде естідім. Бірақ білесіз бе, мен оны әдейі жоққа шығармаймын" деп айттым. Бұл сөзге екеумізде күліп алдық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу