Әйгерім Сәттібаева бокстан Азия чемпионатының финалына шығу үшін бақ сынайды

186

Қазақстандық боксшы Әйгерім Сәттібаева Ұлан-Батыр (Моңғолия) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Әйгерім Сәттібаева бокстан Азия чемпионатының финалына шығу үшін бақ сынайды Фото: ҚБФ

Бұрымды боксшымыз 48 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында өзбекстандық Сабина Бобокуловамен кездесті.

Тартыстың жекпе-жектің қорытындысы бойынша Әйгерім Сәттібаева 3:2 есебімен жеңіске жетті. 

Осылайша ол кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.

Ал 57 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында шаршы алаңға шыққан Ұлжан Сәрсенбек Таиланд өкілі Пунрауре Руенросқа есе жіберіп, жарыс жолын аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу