Айша Әбдімәлік U17 әлем чемпионатының финалына шықты

274

Қазақстандық балуан алтын жүлде үшін Моңғолия спортшысымен белдеседі.  

Айша Әбдімәлік U17 әлем чемпионатының финалына шықты Фото: olympic.kz

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айша Әбдімәлік Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

65 келіге дейінгі салмақта белдескен қазақстандық балуан жартылай финалда Грекия өкілі Василики Каравануды сенімді жеңді.

Енді Айша Әбдімәлік алтын медаль үшін Моңғолия спортшысы Ариунул Болдбаатармен күш сынасады.

Ал 49 келіге дейінгі салмақта Аянат Мейнамбай қола медаль үшін белдеседі. Оның қарсыласы жұбаныш белдесулерінің қорытындысы бойынша анықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу