banner

Айтжановтан айтулы нәтиже күтеміз

1076

Бұл қызметте ол команда басшысы қызметінен өз еркімен кеткен Қайрат Сәтжановты алмастырды.

Айтжановтан айтулы нәтиже күтеміз

Анықтама:
Сәтжанов Қайрат Тұрсынқанұлы – 2011-2019 жылдар аралығында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарды. Осы уақыт ішінде оның боксшылары екі рет "Дети Азии" халықаралық ойындарында жеңіске жетті, екі рет әлем чемпионаттарында үздік үштікке енді, сондай-ақ екі рет Азия чемпионатында үздік атанды.
Сәтжанов 2019 жылы Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Екі жыл ішінде оның шәкірттері Азия чемпионатында екі рет командалық есепте жеңіске жетіп, әлем чемпионатында екінші орынға ие болды.
2021 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының ерлер құрамасын басқарды. Осы уақыт ішінде қазақстандық боксшылар 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды, сонымен қатар 2022 жылы Амманда өткен Азия чемпионатында үздік өнер көрсетіп, екі чемпионатта да Қазақстан командалық медальдық есепте екінші орынға ие болды.
Мырзағали Айтжанов - Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосыновтың жеке жаттықтырушысы.
Анықтама:
Айтжанов Мырзағали Қауланұлы ҰҚК-ны 2009-2018 жылдар аралығында басқарды. Ұлттық құраманың ең маңызды тарихи жетістіктері оның есімімен байланысты.
Лондондағы Олимпиада ойындарында Серік Сәпиев чемпион және Вэл Баркер кубогының иегері атанды, Рио-де-Жанейродағы ойындарда Данияр Елеусінов осы жетістікті қайталады. Команда Мырзағали Айтжановпен бірге әлем чемпионаттарында да 5 алтын (2013 жылы – 4, 2017 жылы – 1) алтын медаль жеңіп алды.
Мырзағали Айтжанов – Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 1988 жылы КСРО құрамасымен жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатында жеңіске жетті.
Қазақстан бокс федерациясы Қайрат Сәтжановқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдіре отырып, еліміздің Ұлттық құрама командасының жаңа тәлімгері Мырзағали Айтжановқа әлем чемпионаттарында, Азия және Олимпиада ойындарында бұдан да үлкен жетістіктер тілейді!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу