Айыптаумен аяқталған қойылым

5215

Өнер қайраткерлері М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театр директоры Ерлан Біләлді қолдап, өз пікірлерін білдірді.

Айыптаумен аяқталған қойылым

Драма театр қызметкерлері Ерлан Біләлді айыптау ерте деп есептейді. Олардың ойынша, сот болғанға дейін оны пара алды деп айыптау дұрыс емес. Сондай-ақ басқа театр мен ұйымдардағы әріптестері де осындай пікір ұстанып отыр. Бұл туралы олар 8 қаңтар күні Алматыда өткен баспасөз конфренциясында мәлім етті.

"Демалыс күні бухгалтер жұмыс істемейді. Ол басқа қалаға кетіп қалған. Ал ақшаны қалай да беру керек. Мұндай жағдайда ақшаны театр басшысы ала алады. Дәл осылай болды деп ойлаймын", – деп  "Қазақконцерт" мемлекеттік концерт ұйымының директоры Асхат Маемиров жағдайға түсініктеме берді. 

Конференция сыртында болған әңгіме барысында актерлер  Ерлан Біләл ақшаны  "Сезам" театрының басшылығынан балаларға арналған жаңа жылдық спектакльді өткізу үшін үлкен залды жалға беруге алған. Алайда "Сезам" театрының басшылығы мұны бопсалаушылық ретінде қабылдап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына хабарласқан. Актерлердің айтуынша, ақшаны беру кезінде келіссөз бөлмесінде орнатылған тыңдау және бақылау камераларына бұл факті жазылып қалған.

"Бұл күтпеген жағдай болды. Біздің театрдың бас директоры жақсы жұмыс істеді. Бұлай болғаны өкінішті, әрине. Оны сатып кетті деп ойлаймын", – деп драмтеатр актері Асанәлі Әшімов әріптесіне қолдау білдірді.

Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрының директоры Любовь Ни орынжай заң жүзінде қосалқы жалға беріліп отырғанын айтты.

"Бәріміз мемлекеттік кәсіпорында жұмыс істейміз. Бірақ та табыстың 20%-ын өзіміз табуға тырысамыз. Мәдениет саласында үнемі ақша табу мүмкін емес", – деді ол.

Любовь Нидің айтуынша, драмтеатр басшысы біреудің алдауына түсіп қалған.

"Тіпті бас директор қызметін атқарып отырған шығармашылықпен айналысатын адамның өзі еш арамдықтан хабары жоқ, алдау-арбауға тез түсіп қалатын аңғал жан. Шығармашылықпен айналысатын адам – жүрегі ашық адам. Олай болмаса, ол осыншалықты рөлдерді сомдай алмас еді. Алайда адамның осындай қасиетін пайдаланып, қиянат жасау өте оңай", – деп ол әріптесін жақтады.

Ол Ерлан Біләл қазіргі уақытта үйінде екенін айтты. Оның айтуынша, драмтеатр директоры қант диабетімен ауырады. Болған жағдай салдарынан ол ауырып қалған. Қазір дәрігерлердің бақылауында.

Еске сала кетер болсақ, кеше  мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы Нұрлан Жахин Ерлан Біләл заңды тұлғадан 1,5 млн теңге пара алу үстінде ұсталғанын хабарлаған еді. Бұл ақша жаңа жылдық спектакльді өткізуге орынжайды жалға алу үшін берілген. Драмтеатр басшысы өз кінәсін мойындаған. 

Балаларға арналған жаңа жылдық шоу жайын айтар болсақ, онда спектакль шындығында да М.Әуезов атындағы драмтеатрда 23 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында өтті. "Снежная королева" спектаклін "Сезам" қуыршақ театрының әртістері қойды.

Гүлназ Ермағанбетова, Римма Гахова  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу