"Ақ Барс" басым түсті

1962

Өз айдынындағы алғашқы ойында елордалық "Барыс" "Ақ Барысқа" жеңіліп қалды. 

"Ақ Барс" басым түсті

"Барыстың" бапкерлер штабы өткен ойынға қарағанда бір өзгеріс жасады. Үшінші бестіктің ортадағы ойыншысы қызметіне Дмитрий Гурков емес бұл жолы Аркадий Шестаков шықты. Дегенімен бұл өзгеріс матч барысына көп әсер ете қоймады. Бірінші кезеңде қарсыластар бір бір шайбадан салып, терезесі тең ойын көрсетті. Кирилл Петров бірінші болып ойынның есебін ашты. Араға 2 минут салғаннан кейін Мэттью Фреттин мен Кирилл Панюков жақсы мүмкіндік жасап, соңғысы таразы басын теңестірді. 

Ал екінші периодтың басында Кирилл Панюков дубль авторы атанып, командасын алға жетеледі. "Барыс" алға шыққан кезде Татарстаннан келген команда бір ойыншыға кем ойнап жатқанын да айта кетейік. Алайда айдын иелерінің қуанышы көпке созыла қоймады. Найджел Доус өзінің бұрынғы командасының қақпасына шайба салды. Ал араға 68 секунд салып барып "Ақ Барыс" тағы бір рет белсене түсті. Станислав Галиев "Барыс" қақпасына салынған үшінші шайбаның авторы атанды. 

Ал үшінші кезеңнің бастапқы бөлігінде Патрис Кормье кездесудің қорытынды есебі 2-4-ті тіркеді. Енді Юрий Михаилис шәкірттері 14 қаңтар күні "Салауат Юлаев" командасын өз айдынында қабылдайды. 

"Барыс" – "Ақ Барс" 2:4 (1:1, 1:2, 0:1)

0:1 – 13:02 – Петров (Мёрфи, Зарипов) ГБ

1:1 – 15:04 – Панюков (Фрэттин)

2:1 – 21:26 – Панюков (Виделль, Диц) ГБ

2:2 – 22:40 – Доус (Викстранд) ГБ

2:3 – 23:48 – Галиев (Журавлёв, Билялов)

2:4 – 40:35 – Кормье (Песонен)

Қақпашылар: Карлссон - Билялов

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу