Дональд Трамп Иранға толықтай теңіз блокадасы енгізілгенін мәлімдеді

344

Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта Ормуз бұғазы Иран кемелерінен басқа барлық теңіз көліктері үшін ашық екенін айтты.  

Дональд Трамп Иранға толықтай теңіз блокадасы енгізілгенін мәлімдеді Фото: Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні Иранға қарсы "толықтай теңіз блокадасы" енгізілгенін жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Трамптың айтуынша, бұл шара Иран порттарына бағыт алған немесе олардан шыққан барлық кемелерге, сондай-ақ Иранға қатысы бар кез келген жүктерді тасымалдайтын кемелерге қатысты.

"Толық блокада тек Иран порттарына кіріп-шығатын немесе Иранға қатысты кез келген жүкті тасымалдайтын кемелерге қолданылады", – деп жазды Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Ақ үй басшысы Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алу бастамасынан Таяу Шығыс елдерімен жүргізілген келіссөздерден кейін бас тартқанын айтты.

"Мен 20 пайыздық өтемақы алымының орнына Парсы шығанағы елдері АҚШ-пен жасайтын сауда және инвестициялық келісімдерді таңдадым", – деп жазды ол.

Трамптың айтуынша, бұл инвестициялар АҚШ-та миллиондаған жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді әрі Парсы шығанағы елдерінің өздеріне де айтарлықтай пайда әкеледі.

Трамп мұны Иран басшылығының "өтірікші, қатыгез және елді жойқын жолға бастап бара жатқан саясатына" байланыстырды.

13 шілдеде Дональд Трамп Ормуз бұғазында Иран кемелеріне қатысты блокаданы қайта енгізетінін мәлімдеп, осы бағытты күзету шығындарын өтеу үшін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынған болатын. Бұл бастама ірі кеме иелері тарапынан сынға ұшырады. Ал Тегеран ұсынылған төлем мөлшерін тым жоғары деп бағалап, келіспей отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу