Академиялық ескек есушілеріміз тағы 2 бағдарламада финалға шықты

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі ресми парақшасында жазды. 

Академиялық ескек есушілеріміз тағы 2 бағдарламада финалға шықты Фото: ҰОК

ХХ жазғы Азия ойындарында академиялық ескек есуден іріктеу кезеңі жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Санаулы сəт бұрын ғана Қазақстан командасы тағы 2 сайыста финалға жолдама алды. 

Атап айтқанда жеңіл салмақтағы жекелей қайық бәсекесінде (LM1x) жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері Артём Матусевич өз тобында мәреге үшінші болып келді. Бұл нәтиже оған турнирдің жүлделері сарапқа салынатын А финалына тікелей жолдама береді. 

Сондай-ақ, жеңіл салмақтағы жұптық қайық сайысында (LM2x) өнер көрсеткен Бауыржан Сұлтанов мен Александр Афанасьев жақсы нәтиже көрсетті. Отандық дуэт іріктеуді 2-орынмен аяқтап, жарыстың А финалына шығып отыр. 

Ал Тамара Первушкина мен Варвара Белоногова жұбы өз тобында 5-сатыдан көрінді. Олар тек жұбаныш саналатын В финалында бақ сынайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу