Әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен байланыс орнатуды қойды – Қасым-Жомарт Тоқаев

1575

Тұрғындардың көпшілігі қайда барарын білмейді.  

Әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен байланыс орнатуды қойды – Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент коронавируспен күресте ақпараттық жұмыс ақсап жатқанын жариялады. 

"Дер кезінде хабарлап, тиісті шара қабылдауға көп нәрсе байланысты. Бастапқы кезеңде бұл жұмыстар жақсы ұйымдастырылды. Бірақ мемлекеттік органдар соңғы кезде бұл істі босаңсытып жіберді. Коронавирус бойынша 3  ай бұрын арнайы құрылған республикалық коммуникациялық орталық қазіргі уақытта іс жүзінде жұмыс істемейді. Осыған сәйкес, бүгінде бірыңғай нақты ақпараттар дерегі жоқ. Індетке қарсы күресте жауапты шенеуніктер теріс ақпарат беріп, халықты одан әрі адастырады. Ең жаманы осы. 
Әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен байланыс орнатуды қойды. Олардың арыз-шағымдарына дер кезінде жауап бермейді. Сондықтан тұрғындардың көпшілігі қайда барарын білмей торығуда" – деді Президент.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу