"Әкімдер өз қалаларында жаяу жүруі керек"

2363

Мемлекет басшысы елдегі қалалардың келбетін сынға алды. Ол әкімдер өз қалалары мен елдімекендерінде жаяу жүруі қажет екенін жеткізді. 

"Әкімдер өз қалаларында жаяу жүруі керек"  Фото: kazpravda.kz

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте айтты, деп жазады inbusiness.kz 

"Қалаларымыздың сиқы онша емес екенін мойындау керек. Балаларға арналған ойын алаңдары жабдықталмаған, үйлер тозған. Мысалы, шетелде, әсіресе Шығыс Еуропа, Балқандағы қалалардың бюджеті әлдеқайда аз болғанына қарамастан, олардың келбеті өте тәуір, таза. Бұл муниципалды биліктің жұмысы екені белгілі. Екінші жағынан бұл азаматтардың өздері тұратын жеріне деген көзқарасы. Қала тұрғындарының өз көшелеріне, үйлеріне және т.б. немқұрайлы қарым-қатынасын байқауға болады", - деп атап өтті Президент. 

Оның сөзінше, бұл ел имиджіне, беделіне кері әсерін тигізеді.  

"Мұндай жағдай елордада да қалыптасып отыр. Мен елорданың жоғары мәртебесіне тек қала орталығы ғана емес, оның шет аймағы де сәйкес келуі керек екенін бірнеше мәрте айттым. Астана, облыстық қалалар немесе мәртебесі одан да төмен қалалардың сиқы өте нашар екенін түсініп отырсыздар. Мұны мойындау керек. Мұнда барлық деңгейдегі әкімдер, мәслихат өкілдері қатысып отыр. Осы жайтқа назар аудару қажет. Жақында теледидардан Семейдегі ойын алаңы туралы сюжет көрсетілді. Онда көрсетілген ойын алаңын пайдаланудың өзі қауіпті. Әкімдер өз қалалары, елдімекендерінде жаяу жүруі тиіс. Бұл Астанаға да қатысты", - деп қорытындылады Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу