Әкімдіктен пәтер алған легионер балуан Олимпиадада оңбай ұтылды

2644

Ақтөбеде жеке кәсіпкерлер оған келік пен ақшалай сыйлық берген болатын. 

Әкімдіктен пәтер алған легионер балуан Олимпиадада оңбай ұтылды Фото: Сали Сабиров

Париж Олимпиадасында еркін күрестен аса ауыр салмақта белдескен Юсуп Батырмырзаев алғашқы айналымда қарсыласынан оңбай ұтылып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Польша өкілі Робер Баранмен белдескен легионер балуан өз мүмкідігін пайдалана алмады. Ол бірінші кездесудің бірінші кезеңінде 1:0 есебімен қарсыласын алға шығарса, екінші бөлігінде тағы үш ұпай беріп қойды.

Осылайша сенім артқан балуан жарыстың алғашқы айналымынан аса алмады. Алайда Польша балуаны финалға шықса Батырмырзаев жұбаныш белдесуінде өнер көрсетуге мүмкіндік алады.

Айта кетейік, Ақтөбе облысының атынан күресетін легионер биыл сәуір айында Бішкек қаласында Олимпиада жолдамасына ие болған еді. Елге оралғаннан кейін оған Ақтөбе облысының әкімдігі екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстаған болатын. Сондай-ақ, жергілікті жанкүйерлер көлік мінгізіп, 5 000 АҚШ долларын сыйға тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу