Қазақстанға Италия Президенті Серджо Маттарелла ресми сапармен келеді

440

Ақорда Президенттің 30 қыркүйекке дейінгі жұмыс кестесін жариялады.

Қазақстанға Италия Президенті Серджо Маттарелла ресми сапармен келеді Фото: Ақорда

26 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысын өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

27 қыркүйекте Астанаға Мьянма Президентінің міндетін атқарушы, Мемлекеттік әкімшілік кеңес төрағасы Мин Аун Хлайн сапармен келеді. Ақордада екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланатын жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр.

29-30 қыркүйек күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Италия Президенті Серджо Маттарелла елімізге ресми сапармен келеді. Мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайту перспективаларын талқылайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу