Ақпан айында ел экономикасы баяулай бастады

Нақты секторда ЖІӨ өсімі 2,7%-ды, қызмет көрсету саласында 5%-ды құрады. 

Ақпан айында ел экономикасы баяулай бастады Фото: yandex.kz

Бұл туралы Үкімет отырысына Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп жазады inbusiness.kz

Оның баяндамасына сүйенсек, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биылғы қаңтар-ақпанда Қазақстан экономикасы 4,3%-ға өсті.

Оның ішінде нақты сектордағы өсім 2,7%-ды, ал қызмет көрсету саласындағы өсім – 5%-ды құрады.

Еске сала кетсек, қаңтарда Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі 5%-дан асады деп бағаланған болатын.

"Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалуда, әсіресе6 құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс ең жоғары өсуді көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 19,2%-ды құрады. Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 72,8%, ауыл шаруашылығында – 33,1%, жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 12,1%, сондай-ақ өнеркәсіпте – 14,1%, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 12,2%, өңдеу өнеркәсібінде – 7,2%-ке өсті", – деді министр өз баяндамасында. 

Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Ұлытау, Маңғыстау, Павлодар және Қарағанды облыстарында байқалды.

"Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтарда сыртқы сауда тауар айналымы 15,7%-ке өсіп, 10,3 млрд  долларды құрады. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 0,4%-ке өсіп, 6,1 млрд долларға дейін жетті. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 21,5%-ке ұлғайып, 2,1 млрд долларды құрады", – деп атап өтті ведомство басшысы. 

Тауарлар импорты 4,2 млрд долларға жеткен. Жалпы, оң сауда балансы 1,9 млрд долларға тең. Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу сақталып отыр. Өндіріс көлемі 2,5%-ке өсті.

Министрдің айтуынша, көрсеткіш өсуі 16 өңірде тіркелді. Соның ішінде Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Алматы облыстары және Алматы қаласы ең жоғарғы өсуді көрсетті.

Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 31,5%-ке, оның ішінде автомобиль жасаудың – 34,2%-ке, электр жабдықтарын жасаудың – 48,7%-ке өсуі қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ өсу келесі салаларда байқалып отыр: азық-түлік өндірісі – 9,6%, мұнай өңдеу өнімдері – 5,4%, химия өнеркәсібі – 3,6%, сусындар өндірісі – 22,6%, фармацевтика өндірісі – 16,7%, жеңіл өнеркәсібі – 34,3%.

Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 0,5%-ке жоғарлады.

Бұл ретте көмір өндіруді қоспағанда, барлық салалары бойынша өсім байқалады.

Атап айтқанда, металл кендерін өндіру – 2,1%-ке, газ өндіру – 1,1%-ке, мұнай өндіру – 0,1%-ке, сондай-ақ өзге де  пайдалы қазбаларды өндіру – 12,9%-ке өсті. Тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсету – 6,5%-ке жоғарлады.

Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,8%-ке ұлғайды.

"Жетісу облысынан басқа барлық өңірлерде оң өсу тіркелді, әсіресе құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Абай және Қызылорда облыстарында байқалды", – деді министр баяндамасында. 

Биылғы қаңтар-ақпанда 2,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,2%-ке жоғары.

Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіштері Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау және Атырау облыстарында байқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу