Ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылды

3527

Оның функциялары мен өкілеттіктері екі министрлікке бөлініп берілді.  

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылды

Мемлекет басшысының қаулысына сәйкес, ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылды. Ведомстваның ақпарат саласындағы функциялары мен өкілеттіктері қоғамдық даму министрлігіне берілді. Енді жаңа мекеме Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрлігі деп аталады.

Бұрынғы ақпарат және коммуникациялар министрлігінің байланыс, ақпараттандыру, "электрондық үкімет", мемлекеттік қызметтерді көрсету, мемлекеттік саясатты дамыту саласындағы функциялары мен өкілеттіктері қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне өтті. Жаңа ведомства Қазақстан Республикасының цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі деген атауға ие болды.

Енді үкімет президенті әкімшілігімен келісе отырып, қайта ұйымдастырылатын және таратылатын мемлекеттік органдар мен оларға бағынысты ведомстволық ұйымдардың штат санын қайта бөлуі керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу