Ақпараттық хабарлама

2530

MEDIA HOLDING "ATAMEKEN BUSINESS" ЖШС-ның ҚР Президенттігіне үміткерлер үшін жалпы шарттары мен эфир уақытының көлемі.

Ақпараттық хабарлама

MEDIA HOLDING "ATAMEKEN BUSINESS" ЖШС-ның 2019 жылы 9 маусымда өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысушы ҚР Президенттігіне үміткерлер үшін "АТАМЕКЕН BUSINESS" іскерлік телернасы мен inbusiness сайтында эфир уақытын ұсынудың жалпы шарты, тәртібі және көлемі.

MEDIA HOLDING "ATAMEKEN BUSINESS" ЖШС (бұдан әрі – БАҚ иесі) Қазақстан Республикасы Президенттігіне тіркелген үміткерлерге (бұдан әрі – үміткер) сайлау алды үгіт аудио және аудиовизуалды материалдарды (бұдан әрі – үгіт материалдары) №1,2 қосымшада көрсетілген баға-тізіміне сәйкес орналастыруға ATAMEKEN BUSINESS іскерлік телеарнасы мен inbusiness.kz сайтында эфир уақытын ұсынады.

ATAMEKEN BUSINESS іскерлік телеарнасында бір үгіт материалының хронометражы 30 (отыз) секундтан аспау керек.

Эфир уақытын ұсыну үміткермен немесе бір тараптан үміткердің уәкілетті өкілімен және БАҚ иесімен немесе басқа тараптан БАҚ-тың уәкілетті иесі атынан жасалған эфир уақытын ұсыну туралы жазбаша келісімшарт және  осыған сәйкес бекітілген монтаждау парағы негізінде іске асады. Бұл ретте монтаждау парағы эфирге шығады деген күннен 3 (үш) күн бұрын әзірленеді.

Эфир уақытын ұсыну туралы келісімшарт жасауға үміткердің немесе оның уәкілетті өкілінің БАҚ иесі басшысының атына жазған жазбаша өтініші негіз болады.

Саны, кесте, хронометраж, үгіт материалдарын эфирге хабарлау уақыты, сондай-ақ жарнамалық блоктағы орын үміткердің немесе оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіліп, содан кейін келісімшартта жазылады.

Жазбаша өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеліп берілу керек:

1) үміткердің тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;  

2) үміткердің уәкілетті өкілі екенін растайтын құжаттың көшірмесі; 

3) үгіт материалының жазбаша мәтіні; 

4) өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі; 

5) келісімшарт жасауға келген адамның өкілеттігін растайтын құжат;

Жарнамалық блокқа үгіт материалдарын орналастыру тәртібі жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібіне қарай немесе БАҚ иесі белгілеген тәртіптегі жеребе бойынша анықталады. Егер өтініш түскен кезде сұратылған уақыт (жарнамалық блоктағы орын) ерте өтініш берген басқа үміткерге берілген болса, онда БАҚ иесі өтініш келіп түскен уақыттан бастап жиырма төрт сағат ішінде үміткерге басқа сан, кесте және уақытты анықтау үшін хабарлама жібереді. Бұл ретте үміткердің өтініш берген уақыты деп қайта өтініш (өзгертілген)  берген уақыты саналады.

Үгіт аудиовизуалды материалдар келесі талаптарға сай болу керек:

а) контейнер: mov;

б) кодек: Quicktime;

в) видео ағыны: 8000 kbit/sec кем емес;

г) форматы: mov;

д) кадрдың көлемі: 1920х1080 пиксель;

е) кадр форматы: 16х9;

ж) кадрдың жиілігі: бір секундта 25 кадр;

з) дыбыс: stereo, mono, 48Khz, 16bits.

Бұлар HDD және Flash-card цифрлық тасымалдаушыларда ұсыналады және HD 1080i50 форматта, MOV немесе MP4 контейнерде, битрейті 10 Mbit/s-тен төмен емес, эмбедирлі дыбысы-12dB болуға, сонымен қатар эфирге шығатын күннен 3 (үш) күн бұрын берілуге тиіс. Цифрлық тасымалдаушымен бірге эфир уақытын ұсыну туралы келісімшартқа қол қоюға уәкілетті өкіл қол қойған үгіт материалының мазмұны болып табылатын жазбаша мәтін және үгіт материалында бейнесі пайдаланылған адамдардан жазбаша рұқсат, егер олар қайтыс болған болса, олардың мұрагерлерінен жазбаша рұқсат ұсынылу керек.

Барлық үгіт материалында олардың төленгені туралы ақпарат, қаржыландыру көзі, ақпаратты ұсынушы адамның тегі болуға тиіс.

БАҚ иесі үміткер жүз пайыз алдын-ала төлем жасағанда ғана үміткер алдындағы өз міндетін орындайды.

Үгіт материалын ұсынушы үміткеркерлер олардың мазмұны Қазақстан Республикасы заңнамасы талабына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтарға сай келуі үшін жауапты болады

Осы хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті келісімшарттың талабын бұзған жағдайда үгіт материалдары эфирге шығарылмайды немесе бұзылу жойылғанға дейін тоқтатылады.

Егер үгіт материалының мазмұны конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігін бұзу, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты құрметтеу туралы идеяларды қамтитын болса, сонымен қатар заңда қарастырылмаған әскери топтарды құруды көздейтін болса, онда  БАҚ иесі үгіт материалдарын таратудан бас тартады.  

БАҚ иесі үгіт материалдарында Қазақстан Республикасы Президенттігіне басқа үміткерлердің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін ақпарат болған жағдайда үгіт материалдарын таратудан бас тартуға құқылы.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген эфир уақытын берудің шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Жазбаша өтініштер 2019 жылдың 6 мамырынан бастап сенбі мен жексенбіден басқа жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 17 мекенжайы бойынша ATAMEKEN BUSINESS іскерлік телеарнасында қабылданады. Үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу