Аксель Витсель: Қазақстанның Кипрден жеңілгені таңқалдырды

3479

Бельгия құрама командасының жартылай қорғаушысы Аксель Витсель алдағы ойын туралы ойымен бөлісті.

Аксель Витсель: Қазақстанның Кипрден жеңілгені таңқалдырды

- Қазақстан құрамасы Кипрден өз алаңында жеңіледі деп ойламадым. Бұл нәтижеге таңқалғаным рас. Дегенімен, Кипрдің де осал ұжым емес екендігін білемін. Дегенімен, енді олар бізге қарсы ойында барын салайын деп тұр. Сондықтан оңай ойын болмайды деп күтемін.

- Бельгия құрамасы Еуро 2020 додасына шығып қойды. Енді қалған ойындар Сіздерге ешқандай маңыз бермейді. Бұл жағынан алаңға шығып ойнау, мотивацияның жоқтығы төмен нәтижеге жетелемей ме?

- Жоқ, біздің мақсат мүмкін болатын 30 ұпайды түгел еншілеу. Қазақстанды да жеңуіміз керек. Ұзақ жол жүріп келдік. Уақыт белдеуі де мұнда басқаша. Жасанды алаң мен табиғатты қосыңыз. Сондықтан да, осы жағдайлардың барлығы біз үшін сынақ болып тұр. Соны жеңуіміз керек те, жақсы нәтиже тіркейміз.  

- Сіз Сан-Мариноға қарсы ойында алаңға шықпадыңыз. Оның себебі неде?

- Бас бапкер мені алаңға шығармады. Бұл екеуміздің ортақ шешіміміз болды. Себебі, "Боруссия" Дортмунд командасында жаттығулар өте ауыр болды. Ойындар да соңғы кезде көбейіп кетті. Сондықтан да алаңға шықпадым.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу