АҚШ БҰҰ-ға қарызының 7,3 пайызын ғана қайтарды

Мұндай мәліметті БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик айтты. 

АҚШ БҰҰ-ға қарызының 7,3 пайызын ғана қайтарды Фото: csis.org

Ол Associated Press агенттігіне берген сұхбатында АҚШ-тың ұйымға 160 миллион доллар аударғанын мәлім етіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Яғни, Америка Біріккен Ұлттар Ұйымының қарызын ішінара төлеген. Төлем өткен аптада жасалған және БҰҰ-ның тұрақты операциялық бюджетіне аударылған. 

Айта кетейік, ақпан айының басындағы жағдай бойынша, Вашингтонның БҰҰ алдындағы жалпы қарызы шамамен 2,19 миллиард долларды құрайды. Бұл – барлық мүше мемлекет қарызының 95%-ы. 

Сондай-ақ, АҚШ бітімгершілік операциялары үшін 2,4 миллиард доллар және трибуналдар бюджетіне тағы 43 миллион доллар қарыз болды.

Қаңтар айының соңында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш ұйымның қаржылық ережелері қайта қаралмаса жағдайдың қиын екенін растады. Ол барлық 193 мүше елді жарна төлеуге шақырып, егер олай болмаса, ұйымның жақын арада құлдырау қаупі бар екенін ашық мәлімдеген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу