АҚШ ғарышқа адам пішіндес роботты аттандырмақ

20796

АҚШ Халықаралық ғарыш станциясына Robonaut2 деп аталатын адам пішіндес роботты аттандырмақ.

АҚШ ғарышқа адам пішіндес роботты аттандырмақ

Бұған дейін мұндай роботты Ресейден ұшырған болатын. Ресми дерек бойынша, Құрама Штаттардың аппараты 2019 жылдың соңына дейін ұшырылуы тиіс.

Robonaut2 бұған дейін Халықаралық ғарыш станциясына жіберілген. Ол жерде 2011 жылдан бастап 2018 жылға дейін болған. Робот станцияда бірқатар операцияларды орындаған, бірақ кейін істен шыққаннан Жерге қайтарылды.

Ал 22 тамызда Халықаралық ғарыш станциясына "Союз МС-14" деп аталатын ресейлік робот жіберіледі. Жуырда оның атауы Skybot F-850 болып өзгертілді. Ол ғарыштағы қызмтеті ұзаққа созылмайды. Ғарышкер Александр Скворцов роботпен бірнеше тәжірибе жүргізгеннен кейін, ол 7 қыркүйекте Жерге оралады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу