АҚШ Ирандағы уранды басып алу мақсатында арнайы операция жүргізуді пысықтап жатыр

88

Осы мақсатта жоспар әзірленген.      

АҚШ Ирандағы уранды басып алу мақсатында арнайы операция жүргізуді пысықтап жатыр Фото: modern.az

АҚШ президенті Дональд Трамп қару жасауға жарайтын Иран уранын бақылауға алу үшін арнайы күштерді орналастыру мүмкіндігін пысықтап жатыр.

Ресми тұлғалардың айтуынша, уран қоры басқа жерге көшіріліп әкетілген болуы мүмкін деген алаңдаушылық бар. Бұл туралы Bloomberg хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Болжамдарға сәйкес, Иран аумағында қару жасауға келетін 441 келіге жуық байытылған уран бар. Мамандардың айтуынша, бұл көлем шамамен 11 ядролық бомба жасауға жетуі ықтимал. Бұдан бөлек, елде байытылу деңгейі төмен 8 мың келіден астам уран қоры сақталған, оны қосымша өңдеу арқылы жоғары деңгейде байытуға болады.

Шенеуніктер қазіргі жағдайға қатысты белгісіздік күшейіп отырғанын айтады. Себебі БҰҰ инспекторлары бұл материалдың нақты қай жерде сақталғанына соңғы тоғыз ай бойы тексеру жүргізбеген.

Осыған байланысты БҰҰ пен Израиль өкілдері жоғары деңгейде байытылған уранның орналасқан жерін анықтауға білек сыбана кіріскен.

Егер оның нақты орны белгілі болса, әрекет етуге арналған жоспар әзірленген. Олардың қатарында қажет болған жағдайда арнайы мақсаттағы күштерді жіберу мүмкіндігі де қарастырылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу