АҚШ Иранның энергетикалық және ядролық нысандарына қарсы өз арсеналындағы ең қуатты ядролық емес бомба қолдану ықтималдығын қарастырып жатыр. Бұл туралы CNN хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD агенттігіне сілтеме жасап.
Дереккөздер GBU-43/B Massive Ordnance Air Blast Bomb (MOAB) деп аталатын бомба қолданылуы мүмкін екенін айтқан. Бұл – салмағы 9,5 тонна болатын АҚШ арсеналындағы ең қуатты ядролық емес бомба.
Бірнеше шенеунік мұндай нұсқаның қарастырылып жатқанын растады.
"CNN дереккөздері соққылардың ықтимал нысаны ретінде Пикакс тауын атады. Таудың астында ядролық нысан орналасқан. Бірақ та, ең қуатты бомба оны жоя ала ма, жоқ па белгісіз, себебі ғимарат өте тереңде орналасқан. Дереккөздердің бірі бұл қарумен бомбалаудың ықтимал әсерін психологиялық ықпал ету деп сипаттап отыр", – деп жазады BILD.
Wall Street Journal басылымының мәліметінше, Тегеран ықтимал жаңа соққыларға дайын отыр әрі өзінің ядролық нысандарын күшейтіп келеді.
CNN хабарлауынша, АҚШ-тың Иранға қарсы әскери әрекеттері 3 қарашадағы Конгресс сайлауы жақындағанда немесе одан кейін қайта жандануы мүмкін.
Ақ үй MOAB бомбасын қолдану ықтималдығына қатысты жоспар туралы CNN агенттігіне пікір білдіруден бас тартқан. Әкімшілік өкілі Дональд Трамптың барлық мүмкіндіктерді қарастырып жатқанын жеткізді.