АҚШ Иранға қарсы құрлықтағы құпия шабуылға дайындалып жатыр

Бұл туралы Иран парламентінің спикері Мохаммад-Багер Галибаф айтты. 

АҚШ Иранға қарсы құрлықтағы құпия шабуылға дайындалып жатыр Фото: AP

Оның сөзінше, Вашингтон Тегеранға құрлықтағы жасырын операцияны жоспарлауда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Галибафтың бұл мәлімдемесі америкалық БАҚ-тағы "Дональд Трамп әкімшілігі Иран аумағына бірнеше аптаға созылатын әскери контингент орналастыруды қарастырып жатыр" деген ақпараттан соң жасалды. 

– Қарсылас көпшілік алдында келіссөздер мен диалог туралы сигналдар беріп, шын мәнінде жасырын түрде құрлықтағы шабуылды жоспарлап отыр, – делінген Галибафтың IRNA жариялаған мәлімдемесінде.

Осыған дейін аймаққа шамамен 2500 америкалық теңіз жаяу әскері жіберілгені туралы хабар тараған болатын. Бұл өз кезегінде АҚШ-тың құрлықтағы күштерді орналастыруы мүмкін деген алаңдаушылықты үдете түсті. 

Таяу Шығыстағы жағдайды Йемендегі Хусит қозғалысы тағы ушықтырды деуге болады. Олар сенбіде Израильдің маңызды әскери нысандарына бағытталған баллистикалық зымырандарды тұңғыш рет ұшырғанын мәлім етті. Бұл Ливан, Ирак және Палестинадағы ираншыл күштерді қолдау мақсатында жасалып отыр.

Пәкістан үкіметі де қанша рет аймақ елдерінің өкілдеріне үндеу жасап, соғысты тоқтатуға тырысуда. Қос тарап бір-біріне қатаң шарт арқылы соғысты тоқтатуға әрекет жасағандай көрінген, бірақ әзірше одан еш нәтиже шықпай тұр. 

Бүгінде екінші айға созылған соғыс әлемдік мұнай мен газ жеткізіліміне қауіп-қатер төндіріп, тыңайтқыш тапшылығын туғызды және аймақтағы әуе қатынасына айтарлықтай зардабын тигізді. Иран стратегиялық маңызы зор саналатын Ормуз бұғазын бұғаттады, бұл жаһандық нарықтар мен бағаға орасан әсер етіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу