АҚШ Иранмен соғыста бір күнде 2 әскери ұшағынан айырылды

166

АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс аясында америкалық әуе күштері бір күн ішінде 2 әскери ұшағынан айырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап.

АҚШ Иранмен соғыста бір күнде 2 әскери ұшағынан айырылды Фото: nysun.com

Жұма күні Иран қарулы күштері америкалық жойғыш ұшақты атып түсіргенін мәлімдеді. Бастапқыда ирандық тарап ұшақтың F-35 екенін айтқанымен, The Aviationist басылымы сынықтарды талдау нәтижесінде оның F-15E Strike Eagle жойғыш-бомбалаушысы болғанын жазды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ экипажының екі мүшесі катапульта арқылы шығып үлгерген. АҚШ тарапы олардың бірін тапқанын растады, ал екінші ұшқыштың тағдыры әзірге белгісіз. Иран тарапы оның ұсталғанын ресми түрде растаған жоқ, дегенмен іздеуге көмектескендерге сыйақы жарияланғаны хабарланды.

Сол күні кейінірек The New York Times басылымы америкалық екі шенеунікке сілтеме жасап, Ормуз бұғазы маңында A-10 Warthog шабуылдаушы ұшағының құлағанын жазды. Ұшақ пилоты аман қалып, құтқарылған.

Осылайша, АҚШ бір тәулік ішінде 2 әскери әуе техникасынан айырылып отыр. Сарапшылар мұны аймақтағы әскери шиеленістің күшейгенінің белгісі ретінде бағалауда.

Ал Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) ұшқыштардың бірін тұтқынға алғанын мәлімдеді. Алайда бұл ақпаратты АҚШ ресми түрде растаған жоқ.

АҚШ Президенті Дональд Трамп бұл оқиға Иранмен келіссөздерге әсер етпейтінін айтты.

– Жоқ, мүлде әсер етпейді... біз соғыс жағдайындамыз, – деді ол.

Қазіргі уақытта бір ұшқыштың құтқарылғаны нақтыланса, екінші экипаж мүшесіне қатысты қарама-қайшы ақпарат тарауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу