АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Өзбекстанға барды

421

Бұл – оның Орталық Азияға жасаған алғашқы сапары.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Өзбекстанға барды Фото: SShMirziyoyeva

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Өзбекстанға барды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Жексенбі күні Марко Рубио жұбайымен бірге Самарқандқа табан тіреді. Бұл – оның Орталық Азия аймағына жасаған алғашқы сапары. Әуежайда оны Өзбекстан президенті әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёева, Өзбекстанның сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов, АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Серджио Гор, АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі Джонатан Хеник және Самарқанд облысының басшылығы қарсы алды.

"АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мырзаны Самарқанд жерінде қарсы алғаныма қуаныштымын", – деп жазды Саида Мирзиёева өзінің Telegram-арнасында.

Дүйсенбі күні шаһарда Америка-Өзбекстан іскерлік және инвестициялық кеңесінің екінші отырысы және C5+1 форматында АҚШ пен аймақ елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді. Сонымен қатар Марко Рубио мен Бахтиёр Саидов екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік диалогының алғашқы раундын өткізеді.

Марко Рубиомен бірге Өзбекстанға 200-ден астам ірі америкалық компаниялардың өкілдері барған. Самарқандқа Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев те арнайы ұшып барған. Ол инвестициялық кеңеске қатысып, Марко Рубиомен жеке келіссөздер жүргізеді деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу