АҚШ өкілінің Орталық Азияға келу мақсаты не?

2613

Нұр-Сұлтанда Орталық Азия елдері министрлері және АҚШ мемлекеттік инспекторы бас қосуда.

АҚШ өкілінің Орталық Азияға келу мақсаты не?

Елордада "C5 + 1" форматтағы жоғары деңгейдегі кездесу өтуде. Шараға бес Орталық Азия републикалары – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстанның сыртқы істер министрлері және АҚШ мемлекеттік инспекторы қатысуда.

Әр ел өкілдері сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды дамыту, қауіпсіздіктің жаңа сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлері, аймақтық проблемаларды шешу қажеттілігін талқылауда.

"C5 + 1" форматы –  Орталық Азия және АҚШ арасында экономика және экология саласындағы қатынастардың өзара тәртіп механизмі.  

Кездесуді ашқан сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов "аймақтық қауіпсіздікті  екі жақты дипломатия мен халықаралық серіктестіксіз елестету мүмкін емес, сол себепті, "C5 + 1" форматы біздің аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тұрақты экономикалық дамудың маңызды құралы",- деді.

Сондай-ақ, министр Орталық Азиядағы серіктестік бойынша америкалық стратегия ішкі және аймақтық байланыс, транспорттық дәліз, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мен аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша біздің мемлекетіміздің мүдделеріне сай және сауда-экономикалық, инвестициялық байланыстардың аймағымыздың негізгі элементі екенін сөз етті.

"Соңғы жылдары "C5 + 1" аясында транспорттық-транзиттік дәліздерді нығайту, аймақтың ішкі шекараларынан тауарлардың өтуі тиімділігін арттыру, сауда кедергілерін төмендету, шекараға шектес аумақтарда сауда мәселесін дамыту, сондай-ақ Орталық Азияда өндірілген тауарларды сыртқы нарыққа шығару бойынша көп жұмыс атқарылды",– деді Бейбіт Атамқұлов.

Сондай-ақ, министр "Taste of Central Asia" тәрізді Орталық Азия өнімдерін ортақ брендтеу бойынша шаралар атқарылып жатқанын, "жасыл дәліздер" жасау үшін кедендік рәсімдерді жеңілдету жөнінде тренингтер, эксперттік кездесулер өткізіліп, шекарада бірлескен тексеру механизмдерін енгізу, "Trust of traders" сыртқы экономикалық қызметтің адал қатысушысы сынды озық тәжірибесін және көптеген жетістіктер мен сын-тегеуіріндер туралы айтты.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу