АҚШ Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалдаудың құпия жолын тапты

208

BILD агенттігінің жазуынша, Ормуз бұғазы толық бұғатталмаған болып шықты.  

АҚШ Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалдаудың құпия жолын тапты Фото: BILD

Қазіргі уақытта АҚШ Оман жағалауындағы оңтүстік бағыттың кем дегенде біреуін толық бақылауында ұстап отыр. Бұл ақпаратты Axios порталына АҚШ шенеунігі де растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап.

Бұл жасырын бағытпен тәулігіне түнгі уақыттарда 15-тен 20-ға дейін танкер өтеді. Кемелер соғысқа дейінгі көлемнің жартысына жуығын, яғни 10 миллион баррельге дейін шикі мұнайды тасымалдап жатыр.

АҚШ әскерилері олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты.

"Бүгінде Иран режимі бұл процеске кедергі келтіруге қауқарсыз. АҚШ-тың әуе соққылары Тегеранның радиолокациялық және теңізді бақылау жүйелерін істен шығарды. Сонымен қатар бұғаздағы қозғалысты қадағалап отырған Ислам революциясы сақшылар корпусының жылдам жүретін катерлері де жойылған. Сол себепті Иран танкерлер болуы мүмкін аймақтарды басқа тәсілмен атқылауға мәжбүр. Десек те, АҚШ әскері бұл шабуылдарға дер кезінде тойтарыс беріп отыр. Апта басында ғана 8 дрон мен 2 қанатты зымыран атып түсірілген", – делінген хабарламада.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ормуз арқылы мұнай тасымалы қайта жанданғанын мәлімдеген болатын. Жекелеген уақытта бұғаздан өткен мұнай көлемі 20 миллион баррельге дейін жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу