АҚШ пен Еуроодақ сауда келісімінде ортақ мәмілеге келді

611

Қос тарап тиімді келісімге қол жеткізген. 

АҚШ пен Еуроодақ сауда келісімінде ортақ мәмілеге келді Фото: NY Times

АҚШ пен Еуропалық одақ сауда келісімі бойынша ортақ мәмілеге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.

Ақ үй басшысы мен Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Трамптың Шотландиядағы гольф-клубында кездесті.  Дональд Трамптың сөзінше, АҚШ-та Еуроодақтан келетін тауарларға 15 пайыздық кедендік баж салығы салынады. Алдағы төрт жыл ішінде Еуроодақ елдері АҚШ-тан 750 миллиард доллар көлемінде әскери техника мен энергия тасымалдаушылар сатып алып, америкалық экономикаға 600 миллиард доллар инвестиция құятыны белгілі болды.

БАҚ-тың хабарлауынша, Урсула фон дер Ляйен қос тарап тиімді келісімге келді деп айтқан.

АҚШ пен Еуроодаққа әлемдік тауарлар мен қызметтер саудасының шамамен үштен бірі тиесілі. ЕО-дан АҚШ-қа келетін импорт көлемі Еуропаға жөнелтілетін америкалық тауарлардың экспортынан айтарлықтай көп. Сол себепті Дональд Трамп бұл "сауда теңсіздігін" жойғысы келеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу