АҚШ пен Қытай сауда соғысы аясында енгізген экспорттық тарифтерді 90 күнге төмендетуге келісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
BBC-дің жазуынша, АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент Вашингтон мен Бейжің тарифтерді уақытша 115 пайызға төмендететінін хабарлады.
Бұған дейін қос тарап Швейцарияда келіссөз жүргізген болатын. Бессент оған жақсы деп баға берді.
Енді АҚШ Қытайдан келетін тауарларға салынған тарифтерді 30%-ға, ал Қытай АҚШ-тан келетін тауарларға салынған баж салығын 10%-ға дейін төмендетеді. Бұл келісім 90 күнге дейін қолданыста болады.
Тараптар сәуір айының басынан бастап АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай импортына қарсы жоғары баж салығын енгізгеннен бері алғаш рет кездесіп отыр.
Reuters ақпаратына сәйкес, екі алпауыт мемлекет арасындағы сауда соғысы қаржы нарықтарын құлдыратқан болатын.