АҚШ пен Ресей Украинадағы соғысты тоқтатуға қатысты толық келісімге келе алмады

254

Аляскада Ресей Президенті Владимир Путин мен АҚШ Президенті Дональд Трамп кездесті.

АҚШ пен Ресей Украинадағы соғысты тоқтатуға қатысты толық келісімге келе алмады Фото: РБК

Бұл Владимир Путиннің АҚШ-қа соңғы 10 жылдағы бірінші сапары болды және шамамен 5 сағатқа созылды.

Соның 3 сағатқа жуығын қос Президент бетпе-бет өткізіп, 4 рет қол алысты. Бірақ бұл ортақ мәмілеге қол жеткізбеді.

"Біз өте өнімді кездесу өткіздік, көптеген мәселелерді талқыладық, алайда толық келісімге әлі келе алмадық. Ең бастысы – бізде бейбітшілікке жету мүмкіндігі бар. Менің Президент Путинмен қарым-қатынасым өте жақсы. Көптеген мәселелер бойынша келісімге келдік. Тек бірнеше даулы мәселе қалды. Мен телефон қоңырауларын бастаймын. Зеленскийге және НАТО-ға қоңырау шалатын боламын. Соңында шешімді НАТО мен Украина қабылдайды", – деді Трамп.

Сөзін жалғап, алға жылжу бар екенін, жақын арада Путинмен қайта жолығып қалатынын жеткізді.

Сондай-ақ, Владимир Путин Дональд Трамптың "Украинаға қауіпсіздік кепілі керек" деген сөзін қуаттады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу