АҚШ Венесуэла президентін ұстап берген адамға 50 млн доллар сыйақы бермек

BBC-дің жазуынша, АҚШ билігі Венесуэла президенті Николас Мадуроны қамауға себеп болатын ақпарат үшін сыйақы мөлшерін екі есе арттырып отыр.  

АҚШ Венесуэла президентін ұстап берген адамға 50 млн доллар сыйақы бермек Фото: Ведомости

Вашингтон оның сайлаудағы жеңісін де мойындаған емес, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еске салайық, АҚШ билігі осыған дейін де Мадуроны есірткі саудасы үшін айыптап, соттауға себеп таппай жүрген еді. 

– Әділет министрлігі мен Мемлекеттік департамент Николас Мадуроны қамауға алуға септігін тигізетін ақпарат үшін 50 миллион доллар сыйақы жариялайды. Ол әлемдегі ең ірі есірткі саудагерлерінің бірі және ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төндіреді, – деп мәлім етті АҚШ бас прокуроры Пэм Бонди. 

Ал Каракас Американың бұл қадамын "аянышты әрі күлкілі" деп есептейді. 

– Отанымыздың абыройы сатылмайды. Біз бұл өрескел саяси үгіт-насихат операциясын қабылдамаймыз, – деп жазды Венесуэла Сыртқы істер министрі Иван Хиль Пинто. 

АҚШ Николас Мадуроны соттауға негіз болатын ақпарат үшін бұрын 25 миллион доллар сыйақы беруге дайын еді. Қазір бұл сомма екі есеге көбейіп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу