АҚШ: Ресей Украина аумақтарын аннексиялауға дайындалып жатыр

6863

Құрама Штаттар осы аптада Украинаға жаңа әскери көмек пакетін бөледі.

АҚШ: Ресей Украина аумақтарын аннексиялауға дайындалып жатыр

АҚШ билігі Ресей Украинаның бірнеше аумағын аннексиялауды жоспарлап отырғаны туралы барлау деректерінің бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақ үйдің Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби "Мәскеу қазір "Қырым сценарийі" бойынша оккупацияланған украиналық территорияларды өзіне қосып алу жағын қарастырып жатыр" деп айтты.

Кирбидің сөзінше, Ресей Украинаның бірқатар аймағын, яғни Херсон, Запорожье, Донецк пен Луганск облыстарының бүкіл аумағын аннексиялау үшін арнайы жоспар құруда. Егер Мәскеу мұндай қадамға барса, америкалық билік міндетті түрде оған қарсы тағы да санкциялар енгізбек.

Кирби Құрама Штаттар осы аптада Украинаға жаңа әскери көмек пакетін бөлетінін айтты.

"Осы аптаның соңында Байден әкімшілігі Украинаға арналған қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа пакетін бөледі. Бұл – президент билікке келгеннен бергі Украинаны қолдауға арналған он алтыншы көмек пакеті", – деді ол.

Сонымен қатар Кирби қазіргі уақытта АҚШ әскери-теңіз күштерінің 60% Үнді-Тынық мұхиты аймағында орналасқанын мәлім етті. Ол бұл аймақтағы әскерилердің саны қысқартылмайтынын алға тартты.

Табиғат Нұрболат

Фото: globallookpress.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу