АҚШ Ресейге жақын жерлерге ядролық сүңгуір қайықтарын жіберді

1080

АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресейге шекаралас стратегиялық маңызды өңірлерге 2 ядролық сүңгуір қайықты жіберуге бұйрық бергенін мәлімдеді.

АҚШ Ресейге жақын жерлерге ядролық сүңгуір қайықтарын жіберді Фото: russiancouncil.ru

Бұл шешім Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің ядролық сипаттағы мәлімдемелерінен кейін қабылданған.

CNN мәліметіне сәйкес, 1 тамызда Дональд Трамп бұл қадамды ядролық қауіптің ушығуына жол бермеу мақсатында алдын ала сақтық шарасы ретінде сипаттаған.

"Арандатуға толы сөздер шынайы қатерге айналуы ықтимал. Сондықтан да тиісті аймақтарға 2 ядролық сүңгуір қайықты орналастыруды тапсырдым. Сөз – салмақты дүние. Ол көбіне күтпеген салдарға апаруы мүмкін. Бұл жолы соған жеткізбеуге үміттенемін", – деп жазды Трамп Truth Social платформасында.

Кейін журналистерге берген жауабында АҚШ президенті бұл әрекетті "дайындық шарасы" деп түсіндірді.

"Ол (Медведев) ядролық қару жөнінде айтты. Ядролық мәселе қозғалған сәтте біз дайын болуымыз керек. Біз дайынбыз", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу