АҚШ-та 41 жыл бойы өлім жазасын күткен ер адам түрмеден босап шықты

215

Американың Юта штатында сот 71 жастағы Дуглас Стюарт Картерді кепілмен босатты.  

АҚШ-та 41 жыл бойы өлім жазасын күткен ер адам түрмеден босап шықты Фото: Fox13now / YouTube

Ер адам өмірінің 41 жылын темір тордың ар жағында өткізген, оның басым бөлігін өлім жазасына кесілгендерге арналған камерада отырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап.

1985 жылы ол Ева Олесенді өлтірді деген айыппен өлім жазасына кесілген болатын. Бірақ жаңа ДНК сараптамалары есік тұтқасындағы қан мен әйелді өтірген пышақтың сабындағы генетикалық материалдың Картерге тиесілі еместігін көрсетті. Дуглас Стюарт Картер осы жылдар бойы өзінің жазықсыз екенін айтып, полиция тарапынан жасалған қысымнан кейін мойындау хатына қол қойғанын жеткізді. Оған қарсы куәлік берген екі куәгер де кейіннен өз сөздерінен айнып, құқық қорғау органдары тарапынан қысым болғанын мәлімдеді. 2025 жылы Юта штатының Жоғарғы соты тергеу барысында жіберілген заңбұзушылықтарға байланысты үкімнің күшін жойып, істі қайта қарауға өкім берді.

Прокуратура бұл жолы Картерге өлім жазасын талап етуден бас тартты және қалған дәлелдерді қайта қарап жатыр, дегенмен адам өлімі бойынша айып әлі алынған жоқ.

Бостандыққа шыққан уақытында Картер GPS-білезік тағып жүруге және қаза тапқан әйелдің отбасымен байланыспауға міндеттелді. Оның адвокаттары істің толық тоқтатылуын және оған өтемақы талап етуге мүмкіндік беретін ресми түрде жазықсыз деп танылуын талап етіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу