АҚШ-та Huawei өнімдерінің сатылымын шектеу күшіне енді

2595

Ресми Вашингтон өзге елдерді 5G ұялы байланысына ауысар кезде Huawei жабдықтарын қолданбауға шақырып отыр.

АҚШ-та Huawei өнімдерінің сатылымын шектеу күшіне енді

АҚШ мемлекеттік мекемелердің Huawei және ZTE шығаратын телекоммуникациялық, видеобақылау өнімдері мен басқа да қызмет түрлерін сатып алуына салынған тыйым сейсенбіде күшіне енгізілді. 
Шектеу салынғандардың қатарында елдің Қорғаныс министрлігі, Жалпы қызмет әкімшілігі мен НАСА бар. Оларға Huawei және ZTE компанияларымен, сондай-ақ филиалдары мен бөлімшелерімен сауда жүргізуге рұқсат етілмейді. Сондай-ақ Hytera Communications Corporation, 34 Hangzhou Hikvision Digital Technology және Dahua Technology деп аталатын қытайлық компаниялардың  өнімдері де санкцияға ұшырады. 

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында АҚШ америкалық компанияларға Huawei-мен жұмыс істеуге тыйым салған еді. Бұл шешім Вашингтонның ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын сыртқы қауіптерден сақтау шарасы ретінде қабылданды. Яғни АҚШ компанияны тыңшылықпен айналысты және зияткерлік меншікті ұрлады деп айыптады. Ал Huawei өзіне тағылған кінәні жоққа шығарып, Қытай үкіметінің бақылауында еместігін айтты. Осы жайттан кейін компания АҚШ үкіметіне қарсы қуыным берді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу