АҚШ-та мұнай бағасы 80%-ға қымбаттап, бензин рекордтық көрсеткішке жетті

Елдегі жанармайдың орташа бағасы жаңа рекордтық көрсеткішті тіркеп, галлонға $4,46 (3,79 л) дейін барды.  

АҚШ-та мұнай бағасы 80%-ға қымбаттап, бензин рекордтық көрсеткішке жетті Фото: news.am

БЕЛТА-ның жазуынша, бұл – 7 сәуірде Иранмен уақытша келісім жарияланғаннан кейінгі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әуелгі мәліметтерге сәйкес, Ирандағы әскери операция басталғаннан бері бензиннің орташа бағасы 49%-дан аса өскен. Осы уақытта мұнай бағасы жыл басынан бері шамамен 80%-ға қымбаттады.

Бағаның өсуіне қысқа мерзімді қысымның күшеюі, әсіресе, АҚШ президенті Дональд Трамптың Иран порттарын блокадада ұстау ниетін білдіруімен байланысты.

– Біз бағаның бұл қысқа мерзімді өсуі америка халқына қалай әсер ететінін түсінеміз, – деді АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент.

Ең қымбат бензин Калифорнияда – галлонға $6,11. Вашингтон және Гавайи штаттарында оның бағасы $5,6-ға жетіп оытр. Сондай-ақ, Орегон, Невада және Аляска тұрғындары үшін жанармай бағасы $5-тен асады.

Осыған дейін отандық ақпараттық сайттарда АҚШ-та бензиннің орташа бағасы бір галлонға 3,57 доллардан 5,96 долларға дейін ауытқып, АҚШ азаматтарының бюджетіне қосымша салмақ түсіретіні жазылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу