АҚШ-та конгрессмен-демократ Эл Грин қазіргі президент Дональд Трампқа импичмент рәсімін бастауды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
The Hill жазуынша, конгрессмен алдағы 30 күн ішінде америкалық көшбасшыға импичмент жариялау туралы баптар енгізбек.
Эл Грин қазіргі президент атқарушы биліктің басшысы болуға "лайық емес" деген пікірде. Бұл туралы ол Вашингтонда Ақ үй басшысына қарсы өткен митинг қатысушыларының алдында сөйлеген сөзінде айтты.
"Президент Трамптың ұстанымы белгілі. Ол әрдайым Social Security, Medicare және Medicaid сияқты әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламаларын және оларға құқығы бар адамдарды қорғайтын болады. Демократтар бұл жәрдемақыны заңсыз иммигранттарға ұсыну керек екенін айтып отыр. Бұл бағдарламалардың банкроттығына әкеледі әрі егде жастағы америкалықтарға соққы болып тиюі мүмкін", - деді Ақ үйдің баспасөз хатшысының көмекшісі Лиз Хастон.
Грин Трамптың бірінші президенттік мерзімінде де оған импичмент жариялауға әрекеттенген болатын, алайда олардың бәрі де сәтсіз аяқталды.
Эл Грин – 2005 жылдың 3 қаңтарынан бері АҚШ Өкілдер палатасының Техастан сайланған мүшесі.