АҚШ-та Трамптың рейтингі төмендеп барады

241

Кезекті сауалнама нәтижесі жарияланды.  

АҚШ-та Трамптың рейтингі төмендеп барады Фото: BILD

АҚШ президенті Дональд Трамптың рейтингі төмендеп жатыр. Newsweek тапсырысымен жүргізілген Reuters/Ipsos сауалнамасына сәйкес, қаңтар айынан бері президенттің жұмысына "толықтай риза" республикашылдардың үлесі 14 пайыздық тармаққа азайып, 35%-ға дейін түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап. 

Басылымның жазуынша, республикашылдардың жалпы қолдау көрсеткіші әлі де жоғары – 82%. Бұл қаңтардағы деңгейден 3%-ға ғана аз.

Сарапшылардың пікірінше, MAGA қозғалысының ең белсенді бөлігіндегі мұндай үрдіс қарашада өтетін Конгресс сайлауының қарсаңында мәселеге айналуы мүмкін.

"Strength in Numbers орталығының сауалнамасында Ақ үй назар аударуы тиіс тағы бір мәселе бар. Трамп алғаш рет саясаттың 12 бағытының ешқайсысынан оң нәтиже алмады. Тіпті оның бұған дейін ең мықты тұсы саналған шекаралық бақылау саясатында да респонденттердің 31%-ы ғана "өте ризамыз" десе, 39%-ы "көңіліміз толмайды" деп жауап берген. Келесі мәселе – инфляциямен күрес. Сауалнамаға қатысқандардың 8%-ы ғана бұл бағыттағы нәтижеге оң баға берсе, 56%-ы жүргізіліп жатқан саясатқа риза емес екенін білдірген", – деп жазады БАҚ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу