АҚШ-та жасанды интеллект саласын бақылайтын арнайы топ құрылады

315

Трамп жасанды интеллектінің дамуын тежеу идеясын қабылдамай, AI саласын реттейтін арнайы топ құратынын мәлімдеді.

АҚШ-та жасанды интеллект саласын бақылайтын арнайы топ құрылады Фото: Anna Moneymaker / Getty Images

АҚШ Президенті Дональд Трамп жасанды интеллектіні реттеу мәселелерімен айналысатын "AI Force" атты арнайы топ құрылатынын хабарлады. Сондай-ақ ол жуық арада басшысын тағайындайтынын айтып, бұл қызметті "AI czar" деп атады, деп жазады inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап.

Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында: "Біз бұл таңғажайып индустрияның дамуына ешқандай кедергі келтірмейміз әрі оны тежемейміз", – деп жазды. Оның айтуынша, керісінше, билік бұл саланы қолдап, дамуына жағдай жасап, өсу барысын бақылауда ұстайды.

Бұған дейін Трамп жасанды интеллект пен деректер орталықтарына қарсы "негізсіз науқан" жүріп жатқанын айтқан еді. Оның пікірінше, бұл технологияны бақылауда ұстау үшін АҚШ-қа тек "мықты президент" қажет.

Соңғы апталарда OpenAI және Anthropic компанияларының басшылары қауіпсіздік мақсатында жасанды интеллектіні дамыту қарқынын баяулату қажет екенін мәлімдеді. Бұл ұстанымды Илон Маск та қолдады.

Сонымен қатар АҚШ-тағы сайлау науқаны кезінде жасанды интеллектке арналған деректер орталықтарының құрылысы да өзекті мәселелердің біріне айналды. Бұған олардың электр энергиясын өте көп тұтынуы себеп болып, америкалықтардың бір бөлігі мұндай нысандардың көбеюіне сын айтып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу