– АҚШ билігі депортациялау туралы сот шешімін алса да, елге қайтпай жүрген шетелдік азаматтарға "CBP Home" мобильді қосымшасын пайдалану арқылы мүмкіндігінше, қысқа мерзімде өз еркімен елдеріне оралуға шақыруда екеніне назар аударамыз, – делінген елшілік хабарламасында.
"CBP Home" мобильді қосымшасы арқылы өз еліне қайтатын азаматтарға келесі мүмкіндіктер берілмек:
– Азаматтың өзі қалаған рейспен ерікті және қауіпсіз түрде елге оралу мүмкіндігі бар;
– АҚШ-та жұмыс жасап, тапқан қаражаты азаматтың өзінде қалады;
– Құзырлы органдар тарапынан қамауға алынбайды және мәжбүрлі депортациясыз өз еліне оралады;
– Әуе билетін сатып алуға мүмкіндігі жоқ азаматтарға қаржылай субсидия алу мүмкіндігі беріледі;
– Болашақта заңды түрде АҚШ-қа қайта келу құқығына ие болады.
Өз еркімен елдеріне қайтпаған жағдайда төмендегі шараларды қолдану жоспарланып отыр:
– Жедел түрде депортациялау. АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігінің (DHS) қызметкерлері ешбір дайындықсыз, азаматтарды жедел түрде қамауға алады;
– Айыппұлдар мен санкциялар. Егер азамат депортация шешімі бола тұрып, еліне қайтпаған болса, оған тәулігіне 998 АҚШ доллар айыппұл салынады. Бұл ретте айыппұл салу ретроспективті түрде, яғни 5 жыл бұрын елден кету туралы сот шешімі шыққан азаматтардан өндіріледі (бұл жағдайда айыппұл шамамен 1 миллион долларға дейін баруы мүмкін). Айыппұлды төлеу мүмкіндігі болмаған жағдайда заңсыз жүрген шетелдіктерге тиесілі жылжымайтын және басқа да мүліктерін мемлекет меншігіне алу тәсілі қарастырылады.
– Сонымен қатар, "CBP Home" арқылы қайтатынын білдіріп, еліне оралмаған азаматқа 1000-5000 доллар көлемінде қосымша айыппұл салынады;
– АҚШ-қа қайта келуге тыйым салынады. АҚШ аумағына заңды түрде қайта кіру құқығынан көші-қон жүйесі арқылы бас тарту.
– Осыған орай, елшілік жағымсыз жағдайлардың алдын алу мақсатында қазақстандық азаматтарды АҚШ билігі ұсынылған мүмкіндікті пайдалануға шақырады, – делінген хабарламада.