АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында үстел теннисінен өтіп жатқан "United States Smash" халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасының спортшылары жарысты ерте аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ел намысын аталған додада Кирилл Герасименко мен Зәуреш Ақашева қорғады. Алайда қос спортшы да турнирдің келесі кезеңіне өте алмады.
Кирилл Герасименко жарысты негізгі кезеңнен бастап, алғашқы кездесуінде жапониялық Сора Мацусимамен сынға түсті. Нәтижесінде қазақстандық теннисші қарсыласына 0:3 есебімен есе жіберді.
Ал Зәуреш Ақашева іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, швециялық Кристина Калльбергті және үндістандық Диа Читалені 3:2 есебімен жеңді. Дегенмен турнирдің үшінші айналымында сингапурлық Тан Чжао Юнға 1:3 есебімен жол беріп, жарысты аяқтады.