АҚШ Таяу Шығыстағы әскерін күшейтіп жатыр

530

Құрама штаттары аймаққа жойғыш ұшақтардың бірнеше тобын аттандырған.    

АҚШ Таяу Шығыстағы әскерін күшейтіп жатыр Фото: ukdefencejournal.org

Радарда көрінбейтін F-35 жойғыш ұшақтары Еуропада аздап аялдағаннан кейін Таяу Шығысқа бет алды, деп жазады inbusiness.kz сайты Military Watch Magazine басылымына сілтеме жасап.

Сондай-ақ Еуропа жеріне әскери техника тасымалдауға арналған Globemaster III әскери-көлік ұшақтары табан тіреді.

Бұдан бөлек, Құрама штаттары Таяу Шығысқа әскери ұшақтарды ұшыруға арналған "Нимиц" кемесін орналастырған.

Сарапшылар: "АҚШ-тың бұл әрекеті осы аймақтағы қарулы қақтығыстың ұзаққа созылуына әкелуі мүмкін", – деп алаңдаушылық тудырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу