АҚШ-тың бұрынғы президенті мемлекетке сатқындық жасады деп айыпталды

551

Обама АҚШ-ты 2009-2017 жылдар аралығында басқарады. 

АҚШ-тың бұрынғы президенті мемлекетке сатқындық жасады деп айыпталды Фото: Pixabay

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама мемлекетке опасыздық жасағаны және мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыруға әрекеттенгені үшін жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл туралы елдің Ұлттық барлау қызметінің басшысы Тулси Габбард мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, Обама әкімшілігі 2016 жылғы президент сайлауына Ресейдің араласқаны жөнінде жалған барлау деректерін жасап, Дональд Трамптың беделін түсіруге тырысқан. Мұнда бірнеше жылға созылған астыртын әрекет туралы сөз болып отыр, дейді Габбард. Бұл іске барлау қызметінің өкілдері, соның ішінде мекеменің бұрынғы басшысы Джеймс Клэппер сияқты адамдардың қатысы болуы мүмкін екенін жеткізді.

"Бұл – америкалықтарға қарсы жоспарланған қастандық. Біз бұл әрекеттің қылмыстық салдарын зерделеу үшін құжаттарды Әділет министрлігі мен ФБР-ге бердік", – деді Тулси Габбард Ақ үйде өткен брифингте.

Өткен аптада АҚШ Ұлттық барлау қызметінің есебі жарияланды. Құжатта 2016 жылы Ресейдің АҚШ-тағы дауыс беруге араласқаны жөнінде нақты дәлелдер болмағаны жазылған. Алайда бұл мәлімет әдейі жария етілмей, орнын жалған бағалау деректері алмастырған.

Ақ үй басшысы Дональд Трамп Барак Обаманы "қылмыстық топтың басшысы" деп атап, өзіне қарсы астыртын әрекетке барды деп айыптап отыр. Ол экс-президент мемлекетке опасыздық жасады деген пікірде. Бұдан басқа Демократиялық партия өкілдерін, атап айтқанда, бұрынғы президент Джо Байден мен АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонды да жалған мәліметтер таратты деп кінәлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу