АҚШ-тың ірі банк холдингіне хакерлік шабуыл жасалды

13583

Хакерлер Capital One қаржы холдингінің деректер базасына шабуыл жасады.

АҚШ-тың ірі банк холдингіне хакерлік шабуыл жасалды

Capital One Financial Corporation холдингтік компаниясының 10 миллион клиентінің кредиттік картаны алу үшін толтырылған мәліметтері хакердің қолына түсті. Банк өкілдерінің айтуынша, компанияға шабуылдан келген шығын шамамен150 млн долларды құрап отыр.

Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, кибер шабуыл жасаған Amazon компаниясындағы интернет қызмет бөлімінің бұрынғы қызметкері 33 жастағы Пейдж Томпсон болып шықты. Жергілікті биліктің айтуынша, Федералдық тергеу бюросы қаскөйді дүйсенбі күні Сиэтл қаласында қолға түсірген. Томпсонға "Amazon-да сақталған банк клиенттерінің деректерін Capital One арқылы ұрламақшы болған" деген айып тағылып отыр. Айта кететін жайт, ол Amazon-да 2015 және 2016 жылдары аралығында жүйелік инженер болып қызмет атқарған.

Хакер компанияның 140 мың клиентінің әлеуметтік сақтандыру нөмірлерін ұрлағанымен, кредиттік карта нөмірі мен қолданушылардың жеке деректерін бұза алмаған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу