Илон Масктың сөзінше, қазір ол – вице-президент болса да, АҚШ-тағы ең ықпалды адамдардың бірі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мұндай ақпаратты Politico басылымы өз дереккөздеріне сүйеніп жазған. Маск мұндай болжам пікірін АҚШ үкіметінің (DOGE) тиімділігін арттыру жөніндегі ведомство қызметкерлерімен өткен бейнеконференцияда байқатқан. Маск дәл құпия кездесуде "АҚШ "ұлы 12 жылдық кезеңнің" басында тұр" деп айтқан. Демек, ол Трамптың қазіргі 4 жылдық мерзімін және Вэнстің екі ықтимал президенттік кезеңін меңзеген болуы мүмкін. Еске салайық, Маск Вэнспен де жақсы қарым-қатынас жасайды. Ал Трамппен арасы бұрынғыға қарағанда әлдеқайда суып кеткендей көрінеді.
2028 жылы өтетін келесі президенттік сайлауға қатысты Дж. Д.Вэнс әлі нақты жоспарын жарияламады. Дональд Трамптың Конституцияның 22-түзетулеріне сай, үшінші мерзімге түсе алмайтыны бесенеден белгілі.
Маск бұған дейін өзін, Трампты және Вэнсті АҚШ-та қастандық жасалуы мүмкін ең басты адамдардың қатарына жатқызған еді.
Bloomberg Масктың байлығын 450 млрд долларға балайды, бұл сан оны әлемдегі ең бай адамдар сапына оп-оңай енгізіп тұр.