АҚШ-тың мемлекеттік қарызы экономика көлемінен асып түсті

163

Бұл туралы шетелдік БАҚ жазды.  

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы экономика көлемінен асып түсті Фото: interaffairs.ru

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы наурыз айының соңына қарай ел экономикасының көлемінен асып түсті. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бергі алғашқы жағдай.

Бұл туралы Fox Business телеарнасы бюджеттік құжаттарға сілтеме жасап хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Риа Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"АҚШ-тың мемлекеттік қарызы қазіргі уақытта ел экономикасының көлемінен асты. Осылайша Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бері алғаш рет тарихи межеден өтті", – деп хабарлайды телеарна.

АҚШ Сауда министрлігіне қарасты Экономикалық талдау бюросының бағалауына сәйкес, 31 наурыздағы жағдай бойынша елдің жалпы қарызы шамамен 31,27 триллион долларға жеткен. Ал сол кездегі ЖІӨ көлемі 31,22 триллион доллар делінген. Бұл мемлекеттік қарыздың экономика көлемінің 100 пайызынан асқанын көрсетіп отыр.

Сарапшылардың соңғы рет мұндай жағдайдың 1946 жылы болғанын айтады. Ол кезде мемлекеттік қарыздың ЖІӨ-ге шаққандағы үлесі 106 пайызға жеткен. Бейсенбі күні Fitch Ratings рейтингтік агенттігі негізгі сценарий бойынша АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 2027 жылға қарай  ЖІӨ-нің 120 пайызынан асады деген болжам жасады.

Агенттік мәліметінше, АҚШ-тың мемлекеттік қарызының ЖІӨ-ге қатынасы 2025 жылы 116,6 пайызды құраған. Биыл бұл көрсеткіш 119,3 пайызға жетеді деп күтілуде, ал 2027 жылы 122,2 пайызға дейін өседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу